2016 жылы елордада 15 мектепте Apple Lab Astana бағдарламасы енгізіледі

Фотография - 2016 жылы елордада 15 мектепте Apple Lab Astana бағдарламасы енгізіледі

Astana English School № 81 гимназия – гуманитарлық бағытта қазақ және ағылшын тілдерінде білім беретін дарынды балаларға арналған мектеп.

622 0

2016 жылы елордада 15 мектепте Apple Lab Astana бағдарламасы енгізіледі
Бүгінгі таңда елордалық жалпы білім беру мектептерінде 117 097 бала оқып жүр, соның ішінде 113 376 бала мемелекеттік мектепте білім алады. Жалпы білім беретін мектептер саны жыл сайын артып отырады. 2014 жылы Астанада 88 мектеп болса, 2015 жылы олардың саны 94 жетті. 2014 жылы оқушылар саны 105 966 болды, соның ішінде 102 687 бала мемлекеттік мектепте оқыды.
83 мемлекеттік мектептің 73 994 оқушыны қамтитын 54-і жаңа типпен (лицейлер, гимназиялар) салынған. Қазақ тілінде оқытатын мектептер саны өткен жылмен салыстырғанда 4 бірлікке артты. 2015 жылы 7200 орындық 6 мектеп (№ 77, 79, 80, 81, 82, 83) пайдалануға берілді, соның ішінде № 81 және 82 – мамандандырылған мектептер. Astana English School № 81 гимназия – гуманитарлық бағытта қазақ және ағылшын тілдерінде білім беретін дарынды балаларға арналған мектеп. № 82 "Дарын" мамандандырылған лицейі физика, математика, экономика, информатика, химия, биология пәндерінен жаратылыстану-математика бағытында қазақ тілінде оқытады.
Жаңа мектептерді пайдалануға беру есебінен және екі ауысымдық оқуды ескерсек, 2015-2016 оқу жылында оқу орындарының тапшылығы жоқ, бірақ 10 мектепте (№ 1, 7, 22, 32, 37, 53, 54, 60, 64, 66) тығыздық сақталуда.
Бұдан басқа, ағылшын тілінде жаратылыстану-математика цикліндегі пәндерді оқыту белсенді түрде енгізіліп жатыр. Егер 2014 жылы осы бағыттар бойынша 18 мұғалім сабақ берсе, 2015 жылы олардың саны 32 құрады.
Қазіргі кезде елордалық мектептерде білім беру сапасын арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша Астана республика бойынша бірінші орынға тұрақтады. 399 елордалық оқушы халықаралық олимпиадаларға және ғылыми жарыстарға қатысып, 238 медаль алды, ал 2014 жылы жүлделі орындар саны 148 болды.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысына сәйкес, Астана қаласының жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық оқушылары жергілікті бюджет есебінен оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес жыл сайын кезең-кезеңімен 100% сатып алу жолымен тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіледі. Оқулықтар төрт жылда бір рет шығарылады. Астана қаласының білім беру ұйымдары Интернетке 100 пайыз қосылған. Оқу орындары қажеттілігіне қарай жаңа буындағы компьютерлермен жабдықталуда. 2015 жылы қалалық мектептерге 9193 ДК сатып алынды.
2016 жылы орта білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін 15 мектепте 7 сыныпта ағылшын тілі пәнінде Apple Lab Astana бағдарламасы енгізіледі, сонымен қатар 42 мектепте "Биоинформатика және синергетика" сапаны бақылау технологиясы бойынша жұмыстар жалғасады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!