"Whatsapp" мессенджері толықтай тегін болады

Фотография - "Whatsapp" мессенджері толықтай тегін болады

Смартфон тұтынушыларының арасында танымал Whatsapp мессенджері енді мүлдем ақысыз болады

255 0

Смартфон тұтынушыларының арасында танымал Whatsapp мессенджері енді мүлдем ақысыз болады. Бұл туралы осы қосымшаны ойлап тапқан Ян Кум компания блогында жариялады.

Осыған дейін мессенджерді бір жыл ақысыз пайдаланғаннан кейін жылына 99 сент төленетін еді. Енді бұл жүйе жойылды. Бүгінгі күнде қарым-қатынасқа қолайлы қосымшаны қолданушылардың саны 1 миллиардқа жуықтаған. Алайда компания өкілдері мұнымен шектелмек емес. Бірақ табыс көзі ретінде жарнамалық ақпараттар таратпайтын болды. Оның орнына белгілі қаржы ұйымдары мен әуе компаниялары қызметкерлері және Whatsapp тұтынушылары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін жаңа жүйе ойлап таппақ. Осы қызмет арқылы тұтынушылар әуе билеттеріне алдын ала тапсырыс жасап немесе қаржы есептерін білуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Whatsapp мессенджері 2014 жылдың ақпан айынан бері Марк Цукерберг басқаратын “Facebook” компаниясына тиесілі.


massaget.kz


Тегтер:

тегін Whatsapp

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!