Ақтауда роботтандырылған "ақылды" дәріхана ашылды

Фотография - Ақтауда роботтандырылған "ақылды" дәріхана ашылды

"Ақылды" қондырғы автоматтандырылған іздеу жүйесі арқылы жұмыс істейді

465 0

Инновациялық технологияның көмегімен бір күнде мыңдаған тұтынушыға жедел әрі сапалы қызмет көрсетуге болады. "Ақылды" қондырғы автоматтандырылған іздеу жүйесі арқылы жұмыс істейді. Яғни, дәріханашы компьютерге қажетті тауардың атын енгізсе болғаны, роботтандырылған техника шағын қоймада тұрған дәріні көзді ашып-жұмғанша тұтынушыға жеткізеді. Ортадағы әйнек сияқты құбыр тасымалдағыштың қызметін атқарады екен. "Ақылды" дәріхана кезек күту мәселесінің күрмеуін тарқатып, қызмет көрсету сапасын жоғарылатады, дейді мамандар. Оның көмегімен 3 минутта 15 адамға қызмет көрсетуге болады. Дәріханадағы робот әзірге мыңнан астам дәрі-дәрмектің түрін жатқа біледі. Ал келешекте ондағы дәрі қорапшаларының саны он мыңға көбеймек. Бұл игі бастаманы жергілікті кәсіпкер "Ақылды дәріханалар желісі" жобасының аясында іске асырып отыр. 

Нұрлан Жұмағұлов, жеке кәсіпкер: - Халыққа жақындай түсеміз. Екі фармацевт тұр. 7 секундта алып береді, 10 секундта жинап береді. 3 минутта 15 адамға қызмет етеді. Температуралық режим мықты сақталады. Қазір қарапайым аптекаларда дәрінің таусылып қалғанын білмейміз. Мынау бәрін айтып тұрады. Дәрінің сақталу мерзімін ескертіп, ауызша сигналберіп тұрады. Бәрін өзі атқарады.

Жазира Қалабаева, тұтынушы: - Айтқан дәріні 15-20 секундта жеткізіп береді және де кезексіз, ыңғайлы әрі оңай алдық. Басқа дәріханаларға барғанда күтіп, іркіліп қаламыз. Мұнда санаулы секундта жеткізіп берді.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!