Қант алмастырғыштар қанттан да зиянды - ғалымдар

Фотография - Қант алмастырғыштар қанттан да зиянды - ғалымдар

Сусамыр дертіне шалдыққандардың түрлі қант алмастырғыштарды пайдаланатыны дұрыс емес.

462 0


Арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар осындай қорытындыға келіп отыр. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл өнімдер қанттан да қауіпті көрінеді. "Диабетпен ауыратындарға қант алмастырғыштардың зияны жоқ деген ескі түсінік аңызбен пара-пар", - дейді еліміздегі диабеттік оқу-ағарту қорының мамандары.

 Бұл орталықта сусамырға шалдыққан жандармен жұмыс жүргізіледі. Араларында жасы да, жасамысы да бар. Оларды бір ғана сұрақ мазалайды. Ары қарай не істеу керек, аурумен қалай күресуге болады? Шарасыз жандар бірінші кезекте дүкен сөрелеріндегі арнайы тағамдарға жүгіретіні белгілі.

Наталья Тукалевская 30 жылдан бері осы аурудың зардабын тартып келеді. Ол дәрігер ретінде де, емделуші ретінде де бұл дерт туралы жақсы біледі.

Наталья Тукалевская, "ҚР Диабеттік оқу-ағарту қорының" атқарушы директоры:
 "Рас, бір кездері қант алмастырғыш өнімдерді пайдалануды насихаттадық. Бірақ қазір ғылым дамыды, қант алмастырғыштардың қауіпті ісік тудыратын канцерогендер екені дәлелденді".

Зейнепкүл Шалаханова, Алматы қаласының бас эндокринологы:
"Қантты алмастырушылар мен қант баламаларын қыздыруға болмайды. Ал біз оны көбінесе ыстық шайға немесе ыстық кофеге қосамыз. Сосын цикломад деген қант баламасы бар, оны бүгінгі күнде канцерогендерге қосып жатыр. Канцероген – қатерлі ісіктерді тудыратын тағамдардың бірі".

Демек, қант алмастырғыштарды қосып, тәтті сусындар қайнатқанда, ағзаға келер қауіп еселенеді деген сөз. Бүгінде қант алмастырғыштарды пайдалануға Еуропа елдері мен Америкада тыйым салынған. Дәрігерлер ауруды асқындырмаудың бір жолы дұрыс тамақтануда екендігін айтады.

 Наталья Тукалевская, «ҚР Диабеттік оқу-ағарту қорының» атқарушы директоры:
"Ең бастысы, дұрыс тамақтану керек. Мысалы, еттің тек қара кесек жерін жесеңіз болады. Одан қант көтерілмейді. Көкөністерді көбірек жеу керек, бірақ картопты азайтыңыз. Жеміс-жидекті жей бересіз. Оның ішінде банан,жүзім, қауыннан басқасын аздап жей береді".

Диабеттік оқу-ағарту қоры аясында ашылған арнайы мектеп мамандары сусамыр дертіне шалдыққандарға дұрыс тамақтану жолдарын үйретіп келеді

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!