Астанада сегіз мектеп зияткерлік байқауға қатысады

Фотография - Астанада сегіз мектеп зияткерлік байқауға қатысады

Байқау елордада бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді.

323 0

26 ақпанда Астанада "Ғасырдан ғасырға" қалалық зияткерлік байқауы өтеді, оған сегіз мектеп командасы қатысады.

"Ғасырдан ғасырға" қалалық зияткерлік байқауының іріктеу кезеңі 23 қаңтарда өтті. Бұл кезеңде тестке Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті мен өнерінен сұрақтар енді.

Тестілеуге 157 оқушы қатысты. Ең көп балл жинаған оқушылар "Ғасырдан ғасырға" қалалық байқауында күш сынасатын болады. Интеллектуалдық конкурс барысында № 3 мектеп гимназиясының, № 40 орта мектептің, № 48, № 54, № 64, № 73, № 76 мектеп-лицейлерінің және № 78 мектеп-гимназиясының оқушылары білім сайысына түседі.  

Биыл қалалық байқаудың кезеңдері Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығына арналатын болады. Байқау елордада бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінде бұл оқушылар арасында кеңінен танымал шығармашылық байқау болып саналады. 

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!