Ғалымдарға адам ұрығының генініне тәжірибе жүргізуге рұқсат берілді

Фотография - Ғалымдарға адам ұрығының генініне тәжірибе жүргізуге рұқсат берілді

Енді шамамен екі аптаға созылатын ғылыми жұмыстар тек осы мекеме аумағында жүргізілуі тиіс

260 0

Ұлыбритания билігі адам ұрығының генін өзгерту бойынша тәжірибелер жүргізуге рұқсат берді.

 Осы бойынша өткен жылы Фрэнсис Крик институтының мамандары сауал жолдаған болатын. Енді шамамен екі аптаға созылатын ғылыми жұмыстар тек осы мекеме аумағында жүргізілуі тиіс. Ол үшін жасанды жолмен ұрықтандыру үдерісінен қалған материалдар қолданылады. Алайда ұрықты әйел ағзасына енгізуге үзілді-кесілді тыйым салынады. "Мұндай тәжірибе жүргізудегі негізгі мақсат – түсік тастау проблемасын шешу", - дейді мамандар.

Кэти Ниакан, Фрэнсис Крик институтының ғылыми қызметкері:
 - Біз адам ұрығының дұрыс дамуы қандай гендерге байланысты екенін анықтауымыз қажет. Сонда бедеулік және түсік тастау мәселелерін шешуде жаңа мүмкіндіктер пайда болар еді.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!