Меңді алдыра берудің қажеті жоқ

Фотография - Меңді алдыра берудің қажеті жоқ

Мең барлық адамда болады

192 0

Мең барлық адамда болады. Кей кісі денесіндегі мең саны 200-ге жетеді. Оның барлығын алып тастау мүмкін емес және керегі де жоқ. Бастысы меңде тұрған ештеңе жоқ екенін түсіну. Олар туғаннан немесе өсе келе пайда болуы мүмкін. Меңнің адам ағзасына айтарлықтай зияны жоқ. Оның бір ғана қаупі — кейбір мең өзгеріп, қатерлі жағдай туғызуы мүмкін. Бірақ әрбір меңнен қорқудың қажеті жоқ. Тек оның пішіні мен өлшемін бақылап жүрсеңіз болғаны. Төменде меңді алдыру қажеті туындауы мүмкін себептерді ұсынамыз. 

Мең пішіні үлкеюі. Кейбір меңде үлкею қасиеті болады. Бастапқыда өте кішкентай болып, уақыт өте үлкейе берсе, ойланбай-ақ онкологқа қаралыңыз. Дәрігер кеңесіне құлақ салыңыз.

Меңнің айналасындағы тері өзгеруі. Мұндай жағдай жиі кездеседі. Мысалы, күнге күйдіңіз, бірақ меңнің айналасы аппақ болып қалуы мүмкін. Үрей туғызбаңыз, қорқатын ештеңе жоқ. Алайда дәрігерге көрсеткен жөн. Дәрігер меңге анализ жасап, зияны болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап береді.

Пішіні анық емес. "Қауіпсіз" мең дөңгелек, тегіс және жинақы болуы қажет. Егер меңнің пішіні анық емес болса, уақыт созбай, дәрігерге көрсету керек. Жырылған немесе ойылған пішінді меңдер невусқа (қара мең) айналу қаупі бар. 

Мең киімге ілігуі. Киім кигенде мең ілігіп тұрса, оніың зақымдануы әбден мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда оның пішіні мен өлшеміне қарамай, бірден дәрігерге көрсетіп, алдырып тастаған жөн.


massaget.kz


Тегтер:

алдыру мең

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!