Семейлік оқушы зағип жандарға арналған құлтемір ойлап тапты

Фотография - Семейлік оқушы зағип жандарға арналған құлтемір ойлап тапты

Құрылғы көз жанарынан айырылған мүгедектердің басқа адамның сүйемелдеуінсіз жүріп-тұруына көмектеседі.

412 0

Семейлік оқушы Виктор Хегай зағип жандарға арналған құлтемір ойлап тапты. Бұл турылы 24.kz арнасы хабарлайды.

Құрылғы көз жанарынан айырылған мүгедектердің басқа адамның сүйемелдеуінсіз жүріп-тұруына көмектеседі. Дарынды жасқа мұндай ой "Назарбаев зияткерлік мектебіне" мүмкіндігі шектеулі балалар келгенде туындаған. Мұқтаж жандар басынан өткеретін қиындықтарды көрген өнертапқыш олардың өмірін жеңілдетуге бел буады. Салмағы 200 грамм болатын құрылғы адамның денесіне оңай тағылады. Арнайы сенсор қозғалыс барысында кездесетін түрлі кедергілерді айтып, ақпарат беріп тұрады. Мектеп оқушысы ойлап тапқан құлтемірді бірінші болып, сынап көрген мүгедектер ризашылықтарын білдіріп, дарынды жасқа оң бағаларын беріпті.


Виктор Хегай, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы: - NXT құлтемірі екі сенсордан және блоктан тұрады. Біреуі –төменгі, екіншісі – жоғарғы сенсор. Жоғарғы сенсорды бас киімге, көзілдірікке, ал төменгі сенсорды егер таяқпен жүруге дағдыланған адам болса, таяққа бекітіп беруге болады. 

Зоя Журбенко, робототехника пәнінің ұстазы: Бала физиканы, кибернетиканы, нанотехнологияны өте терең оқи бастады. Бұл жобаға әлемдік деңгейде сұраныс болады деген үмітіміз бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!