Алматыда Бигелді Ғабдуллин студенттермен кездесу өткізді

Фотография - Алматыда Бигелді Ғабдуллин студенттермен кездесу өткізді

Белгілі қаламгер Бигелді Ғабдуллин қазір Central Asia Monitor атты республикалық газеттің бас редакторы әрі шығарушысы.

197 0

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында жазушы Адольф Арцишевскийдің "Бигелді Ғабдуллин: Тәубеге құқылық" атты кітабының екінші басылымы оқырмандармен таныстырылды. Деректі роман-эссе "Ұлы қоныс" кітабының авторы, публицист Бигелді Ғабдуллиннің өмір жолына арналған. Бұл туралы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

Белгілі қаламгер Бигелді Ғабдуллин қазір Central Asia Monitor атты республикалық газеттің бас редакторы әрі шығарушысы.

Фото -

Кездесу барысында кітап авторы Адольф Арцишевский замандасының өмірдегі еркіндігі мен  шығармашылық ұмтылыс-талаптары жайында әңгімелеп берді. Сондай-ақ, студенттер мен кеш қонақтарының сұрақтарына жауап берді.

"Автордың архив беттерін талмай зерттегені көрініп-ақ тұр. Кітап сырлы сезімге толы. Автордың өзіндік ерекшелігі кітаптың тілдік жеңілдігімен, энциклопедиялық нақтылығымен сипатталады", – деді филология ғылымдарының докторы, профессор Аслан Жақсылықов.

Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!