Пәкістандық ғалым қатерлі ісікті ерте анықтайтын құрылғы ойлап тапты

Фотография - Пәкістандық ғалым қатерлі ісікті ерте анықтайтын құрылғы ойлап тапты

Ауру асқынбай тұрып, дер кезінде емдесе, қатерлі ісіктің алдын алуға да болатыны белгілі.

249 0

Пәкістандық инженер Самир Икбал қатерлі ісік ауруын алғашқы сатысында-ақ анықтауға мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапты. Ауру асқынбай тұрып, дер кезінде емдесе, қатерлі ісіктің алдын алуға да болатыны белгілі.

Икбал бастаған ғалымдар тобы ойлап тапқан құрылғы жұмысы тіклей жасушалармен байланысты. Ағзадағы қатерлі ісік жасушалары наноқұрылымды қабырғалармен әрекеттескенде олардың "билейтіні" байқалған. Ал, дені сау жасушалар қалыпты жағдайларын сақтаған.

"Билейтін" жасушалар байқалысымен, дәрігер науқасты ертерек емдеп жазып алуына әбден болады. "Ісік пайда болмай тұрып, дертті анықтау – науқастың тірі қалуының бірден-бір кепілі. Біздің құрылғымыз бұған қабілетті", – дейді Самир Икбал.


muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!