Оқушы су қорын үнемдейтін биосүзгіні ойлап тапты

Фотография - Оқушы су қорын үнемдейтін биосүзгіні ойлап тапты

Жоба жүзеге асса, ғаламдық мәселеге айналып отырған тіршілік көзі үнемделеді.

239 0

Органикалық минералды сүзгінің негізгі құрамы жергілікті табиғи заттардан тұрады. Бағасы да өте арзан. Жоба жүзеге асса, ғаламдық мәселеге айналып отырған тіршілік көзі үнемделеді. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Аружан Монтаева өз жобасын жыл өткен  сайын жетілдіріп келеді. Биыл ұйымдастырылған жас өнертапқыштар байқауында топ жаруы соған дәлел. Құрылғы органикалық минералдардың бірнеше қабатынан тұрады. Негізгі құрамы өңірде молынан кездесетін кремнилі тау жыныстарынан түзіледі. 

Аружан Монтаева, "Назарбаев зияткерлік мектебінің" 12 сынып оқушысы, жас өнертапқыш: 

- Мысалы, 100% ластанған суды алып, осы құрылғы арқылы өткізсек, ішуге жарамды немесе тұрмыста қолдануға жарамды тазартылған суды ала аламыз. Тіпті, мұнай қалдықтарынан тұратын, сазбен лайланған суды да осы құрылғы арқылы 100%-ға тазарта аламыз. "Шапағат" республикалық байқауы өнертабыс саласындағы жетістіктерді саралап, инновациялық идеялар авторларын қолдауды мақсаты етеді. Мүдделі министрліктер мен ұлттық зияткерлік меншік институты ұйымдастырған байқауда кейіпкеріміз дипломант атанды. 

Алтай Маштақов, облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы: 

- "Жыл өнертабысы", "Өнертапқыш әйел", "Ең жас өнертапқыш", "Ең белсенді өнертапқыш", "Жас дарын" аталымдары бойынша комиссиялар дүниежүзілік зияткерлдік меншік ұйымы және еуразиялық патент ұйымының ұсыныстары бойынша жеңімпаздарға іріктеу жүргізеді. Сәуірде қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Жас өнертапқыш өз жобасының тиімділігін санаулы минуттарда дәлелдеп берді. Тіпті, университет жанындағы бекіре балығы өсіріліп жатқан аквакешенде осы әдіспен тазартылған су қазірдің өзінде қолданысқа енген. Суды көп тұтынатын кәсіпорындар қазірдің өзінде жобаға қызығушылық танытып отыр. Олардың қатарында көлік жуу орындары мен мұнай өңдеу зауыттары бар. Жоба жүзеге асса, бірден бірнеше тонна текше метр суды тазартуға қауқарлы қондырғы жасалады. Ең бастысы, ластанған суды қайта кәдеге жарату арқылы тіршілік көзін бірнеше есеге үнемдеуге мүмкіндік туады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!