Күйзеліске ұшырамау үшін қандай тағамдар жеу керек

Фотография - Күйзеліске ұшырамау үшін қандай тағамдар жеу керек

Осыны анықтау мақсатында шамамен сегіз жарым жыл бойы зерттеу жүргізілді

338 0

Халықаралық денсаулық сақтау және медицина саласы бойынша ұлттық орталықтағы жапондық ғалымдар бұл сұраққа көкөністер және жемістер деп жауап берді. 

Осы сұрақтың жауабын табу мақсатында шамамен сегіз жарым жыл бойы зерттеу жүргізілді. Тәжірибеде 45 пен 74 жас аралығындағы 90 мың адамның тамақтану әдеті тексерілді. Нәтижесі бойынша көкөністермен және жемістермен тамақтанған адамдардың өз-өзіне қол жұмсау қаупі басқаларына қарағанда екі есе төмен болып шықты. Майлы әрі тәтті тағамдармен тамақтанған қатысушылар, керісінше, өзіне қол жұмсаушылар қатарын толықтырады.

Ғалымдар бұл құбылысқа әртүрлі көзқарас білдірді. Көкөністер мен жемістерді ұнатпайтын адамдар созылмалы аурулармен көп ауыратындықтан, суицидке жол ашылуы мүмкін. Алайда басқа тұжырымдар да бар. Пайдалы азық-түлік құрамы әртүрлі күйзелістермен күресетін табиғи антидепрессанттарға толы екені бұрыннан белгілі. 

Өз-өзіне қол жұмсау қаупін төмендететін тағамға кофе де жатады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!