30 жылдан кейін адамзат көру қабілетінен айырылады - ғалымдар

Фотография - 30 жылдан кейін адамзат көру қабілетінен айырылады - ғалымдар

Ғалымдар тәжірибеге 2 млн-ға жуық адамды тартты

334 0

Жаңа Оңтүстік Уэльс Университеті мен Сингапур көзді зерттеу институтының қызметкерлері көру мәселесіне байланысты зерттеу жұмыс жүргізді. 

Зерттеушілердің айтуынша, 2050 жылға қарай Жер шары тұрғындарының жартысы алыстан көрмейтін болады. Ал кейбіреулері көру қабілетінен мүлдем айырылуы мүмкін.

Ғалымдар тәжірибеге 2 млн-ға жуық адамды тартты. Олардың көру қабілеттері бойынша деректер 1995 - 2010 жылдар аралығында жиналды.

Мамандардың сөзіне қарағанда, 2000 жылы Жер тұрғындарының 22,9% алыстан көрмеу ауруынан зардап шекті. Бұл шамамен 1,4 млрд адам.

Ал 34 жылдан кейін, 2050 жылы тұрғындардың 49,8% (4,758 млрд адам) бұл мәселеге тап болуы мүмкін. Олардың шамамен миллиардында жағдай ауыр болмақ.

Ғалымдар технологиялар мен урбанизация алыстан көрмейтіндердің қатарын арттыратынын еске салды. Дегенмен, өз денсаулығын бақылап, күніне шамамен 2 сағат далада таза ауа жұтып гаджеттен аулақ жүрсе миопияның (алыстан көрмеу) дамуын бәсеңдетуі мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!