Дұрыс ұйқы салмақ тастауға көмектеседі - ғалымдар

Фотография - Дұрыс ұйқы салмақ тастауға көмектеседі - ғалымдар

Гарвард университетінің мамандары ұйқының адамның салмағын жоғалтуға тигізетін әсерін анықтады.

743 0

Мамандар зерттеулерін 10 жыл бойы 130-дан астам әйелге жүргізген. Зерттеу қорытындысы бойынша семіздікке шалдығу қаупі ұйқы режимі бұзылған әйелдерге қарағанда ұйқысы дұрыс адамдарда 45 пайызға төмен болатыны анықталды.

Тәжірибе жүргізген мамандардың  айтуынша, салмақ жинау алдымен түнгі уақытта аш болумен байланысты. Олар ұйқы режимі бұзылған кезде адамның ағзасында тәбетті ашатын грелин гормоны көп бөлінетінін айтады. Осылайша түнде тамақтанған адамның ағзасына қосымша калория жиналады екен.

Салмақ қосудағы екінші себепке сарапшылар адамның үнемі шаршап жүретінін жатқызады. Бұған дейін мамандар хабарлағандай, төрт күн бойы аз ұйықтаған адамның азғасы майдың жиналу қаупін артыра түседі. Сонымен бірге 8 сағаттан кем ұйықтамаған жандар бес сағат ұйықтайтындарға қарағанда тез арықтайды екен.

Жақсы ұйқы адамның салмағына әсер етенін анықтаған соң ғалымдар бірнеше кеңес бере кетті. Алдымен олар адамдарға тәулігіне 6,5-8,5 сағат ұйықтаған жөн екендігін айтады. Екіншіден, режим сақталғаны дұрыс, яғни белгілі бір уақытта тұрып, белгілі бір уақытта ұйқыға жатқан жөн. Сонымен бірге мамандар жатын бөлменің температурасына да көңіл бөлген дұрыс дейді. Ұйықтар алдында терезенің пердесі жабық болғаны дұрыс. Себебі қараңғылық адамның ұйқысы жақсы болуына әсер етеді. Сондай-ақ соңғы кездеріжиі сөз болып жүрген ұялы телефондар мен түрлі гаджеттерді өшіріп қойған жөн. Ұйқы дұрыс болуы үшін жатардан 30 минут бұрын электронды құрылғыларды өшіріп отыру керек деп кеңес береді ғалымдар.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!