Күн райының бірден құбылуын жеңіл өткеру әдістері - кардиологтың кеңестері

Фотография - Күн райының бірден құбылуын жеңіл өткеру әдістері - кардиологтың кеңестері

Бірінші кезекте физикалық және психикалық ауыртпалықтан қашу керек

559 0

Қазақстандықтардың көбі күн райының өзгеруіне тәуелді екеніне шағымдануда. Бұл Қазақстанның кейбір аймақтарында наурыз айы келгелі ауа температурасы 0-ден 25 градус аязға дейін ауытқуына байланысты. Өзін жайсыз сезінуден арылу үшін Today.kz тілшілері "Медикер" медецина орталығының кардиологы Чолпон Келгенбаевамен хабарласты.

"Қан қысымы жоғары және қауіп факторына іліккен адамдарға келесідей кеңестер ұсынамыз: қан қысымын таңғысын және кешкісін өлшеп, гипотензивті препараттар қабылдап, тәулігіне ас тұзын 4-6 грамм және 1,5 литр сұйықтықпен шектелетін диетаны ұстанған жөн. Қан қысым жоғарлаған жағдайда крдиологқа немесе учаскелік дәрігерге бару керек", - дейді Чолпон Келгенбаева.

Ауа температурасының бірден ауытқуы кезінде контрастты душ қабылдап, жалбыз, түймедақтан жасалған шөптік шайлар ішуге кеңес береді.

Магнитті дауыл күндері көбірек тынығу керек, шаршауға болмайды және жеміс пен көкөніс шырындрын пайдалана отырып, жеңіл тамақтану керек. Мұрнына жиі қан кететін адамдар "Аскорутин" мен таблетка түріндегі кальций глюконатын  күніне үш рет тамақтан кейін қабылдаған жөн. Сонымен бірге қан тоқтататын шөп тұнбаларын ішкен абзал. Жүрегі нашар адамдарға негізгі дәрілерден бөлек күніне екі-үш кесе фиалка шайын ішуге болады.

Магнитті дауыл күндері рөлге отырған кезде өте сақ болу керек; суық  пен ыстыққа тым сезімталдық тұмаудың, етеккір мен жұқпалы аурудың белгісі болуы да мүмкін, күйзеліс уақытнда және көңіл күйдің маусымдық ауытқуынан да болады.

Айта кетейік, 3 және 5 наурыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз жылы күн райы сақталады. Тек елдің батысында жақын күндері жауын-шашын түсуі мүмкін.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!