Alaska Airlines жолаушылары Күннің тұтылуын тамашалай алды

Фотография - Alaska Airlines жолаушылары Күннің тұтылуын тамашалай алды

АҚШ-тан Гавай аралдарына ұшқалы тұрған Alaska Airlines компаниясының лайнері әуеге уақытынан 25 минут кеш көтерілді

488 0

АҚШ-тан Гавай аралдарына ұшқалы тұрған Alaska Airlines компаниясының лайнері әуеге уақытынан 25 минут кеш көтерілді. Мұның барлығы жолаушылардың Күннің тұтылуын тамашалауы үшін жасалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

 Бұл қадам осы ұшақтың жолаушысы болған астроном Джо Раоның өтінішіне байланысты жасалған. Себебі оның айтуынша, «егер дәл осы рейс аспанға өз уақытынан 25 минут кеш көтеірлсе, онда ұшақтағылар Күннің тұтылуын көре алады» екен. Енді аспан денелерінің тұтылуын «аңдушы» мен өзге жолаушылар 2 минуттық таңғажайып құбылысты қызықтайтын болады, деп жазады gazeta.ru.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!