Samsung және Philips 3D-теледидар шығармайтын болды

Фотография - Samsung және Philips 3D-теледидар шығармайтын болды

Айта кетейік, осыған дейін LG компаниясы аталған технология түріндегі теледидарлар санын екі есеге азайтқан болатын.

448 0

Белгілі Samsung және Philips компаниялары 3D технологиясы бар теледидар шығарудан бас тартты. Бұл туралы iphones.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Forbes басылымының хабарлауынша, Philips басшылығы мұндай шешімге келгендерін Бельгияда өткен жиындардың бірінде айтқан. Компания директоры Дэнни Тэктің айтуынша, 3D технологияны қазіргі кезде ешкім қажет етпейді.

Ал Samsung 3D технологиядан бас тартқаны жөнінде ресми хабарламасында мәлімдеген. Олар өз шешімін теледидардың мұндай түріне сұраныстың аздығымен және қажетті контенттің көп еместігімен түсіндірді. Осыған байланысты 3D теледидарларға арналған көзілдірік шығаруды екі есеге азайтты. Компания басшылығы сұранысқа ие болған квантты нүктелері бар дисплейлі SUHD TV теледидарына баса назар аударуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, осыған дейін LG компаниясы аталған технология түріндегі теледидарлар санын екі есеге азайтқан болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!