Елордалық бес оқушы халықаралық конкурста бірінші орын алды

Фотография - Елордалық бес оқушы халықаралық конкурста бірінші орын алды

Конкурстың басты міндеті – оқушылар арасында зерттеу қызметін ұйымдастыру жүйесін жетілдіру

769 0

Алматыда Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механикадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының VІ халықаралық конкурсы аяқталды. Байқау нәтижесі бойынша елордалық 5 оқушы бірінші, 8 оқушы екінші және бесеуі үшінші орын алды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Халықаралық білім додасында № 66 мектеп-лицейінің, "Голубого парус", Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының, "Мирас" халықаралық мектебінің, № 17, № 75, № 51, № 4 мектеп-гимназияларының және т.б. мектептерден 22 оқушы бақ сынасты. Дарынды балалар алдымен қалалық іріктеу кезеңінде өз жобаларын ұсынды. Содан кейін Ө. Жолдасбеков атындағы жыл сайынғы конкурста жүлделі орындарға таласты.

Конкурстың басты міндеті – оқушылар арасында зерттеу қызметін ұйымдастыру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ математика ғылымдары саласындағы зерттеулерге қызығушылық пен қабілеттілік танытатын оқушыларды анықтау.

- Турнир халықаралық деңгейде өткізіледі, оған Қазақстанның 16 өңірінен, Астана мен Алматы қалаларынан, Әзербайжан мен Қырғызстан елдерінен келген жоғары сынып оқушылары қатысады. Үздік оқушылар алдымен зерттеу жұмыстарын облыстық және қалалық деңгейде таныстырады, содан кейін мықтылары конкурсқа қатысады, - деді «Астана дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Раш Ермағанбетова.

Турнир қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздарына дипломдар табысталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!