Төмен балл жинағандар ҰБТ-ны екніші рет ақылы түрде тапсыра алады

Фотография - Төмен балл жинағандар ҰБТ-ны екніші рет ақылы түрде тапсыра алады

Биыл ҰБТ бойынша төмен балл жинаған 46 мың түлек тіркелген

907 0

Еліміздің Білім және ғылым министрі Ұлттық бірыңғай тестілеуден өте алмай қалған талапкерге екінші рет емтиханды ақылы түрде тапсыруға рұқсат бермек.

Әзірге оның құны қанша болатыны белгісіз. Бүгін министр тиісті құжатты сенаторларға таныстырды. Ведомство басшысының айтуынша, елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмайтын түлектер саны жылдан-жылға артып келеді. Мысалы, биыл осындай 46 мың түлек тіркелген. Сонымен бірге, ұлттық сынақтан қашқан түлектердің көбі көрші елдердегі оқу орындарына түскен. Сонымен қатар, министрлік тест сұрақтарын өзгертуді де қолға алмақ. "Енді хандардың туған жылын емес, баланың IQ деңгейін анықтайтын сауалдар қоямыз", - дейді министр.

 Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Тест орталығы бір баланың үйінің жанында, екінші бала 200 шақырым жүруі керек. Біреуі ұйықтаған, біреуі ұйықтаған жоқ. Балаларға екінші мүмкіндік беру керек болып тұр. Тиісті балды жинай алмаған бала екінші тестке барып, тек ақшасын төлеп, университетке кіруіне мүмкіндік беріп отырмыз.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!