Сағызды артық шайнау семіздікке әкеледі ғалымдар

Фотография - Сағызды артық шайнау семіздікке әкеледі  ғалымдар

Сағызды шектен тыс көп шайнау денсаулыққа зиян екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.

768 0

Шайнауға арналған резеңкені әлемде ұзақ уақыт бойы дәрі-дәрмек санатына жатқызып келді. Сағыздың тек тіске ғана емес, ас қорыту жүйесіне де пайдалы екенін дәрігерлер да растады. Сағызды шайнаған сайын асқазаннан сөл бөлініп, тамақ тез қорытылатыны бәрімізге аян.

Бірақ, шайнауға арналған резеңке құрамына қатысты ғалымдар арасында дау туындады. Біреуі сағызды, бұрынғысынша, пайдалы десе, басқа біреуі сағыз адамның семіруіне себепкер болады деп есептейді.

Эдинбургтегі Нейпира университетінің ғалымдары жүргізген зерттеудің нәтижесінде сағыз адамды семіртетіні расталды. Адам организміндегі артық салмақтың жиналуына сағыз құрамындағы қант алмастырушы (заменитель сахара) – аспартам себепкер екен.

Бір жылда аспартамнан 215 әйел, 56 ер адам зардап шеккен. Олар сағызды күніне бірнеше рет шайнағанда, айына 200 данадан аса сағызды тұтынған. Жарты жыл өтпей-ақ адамдар көп салмақ қоса бастаған. Ал 48 адамның асқазанында гастрит және т.б. түрлі аурулар анықталған.

Дәрігерлердің айтуынша, күнделікті тұрмыстағы қантқа қарағанда, аспартам май қабаттарын 40 пайызға көбейтеді. Сондықтан мамандар күніне сағыздың бір данасын ғана шайнауға немесе сағыздан мүлде бас тартуға кеңес береді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!