Apple жаңа iPhone 5SE смартфонын жұрт назарына ұсынды

Фотография - Apple жаңа iPhone 5SE смартфонын жұрт назарына ұсынды

Америкалық компанияның мәлімдеуінше, жаңа модельдің бағасы 399 доллар.

534 0

Соңғы үлгідегі смартфонда алдыңғы iPhone 5S пен iPhone 6 телефондарының сипаттамалары қамтылған. Сарапшылар Apple осылайша, арзан баға қою арқылы бәсекелестерінің алдын орауға тырысуда деп есептейді.

 Мэттью Панзарио, Techcrunch сайтының бас редакторы:
- Бұл модель дамушы елдердің нарығы мен iPhone-ды алғаш рет сатып алушылар үшін жақсы. Әсіресе ақшасы аз жастар үшін тиімді болуы мүмкін.

Ал АҚШ соты Apple-ге қарсы іс бойынша жаңа отырысты 5 сәуірге дейін шегерді. Америкалық барлаушылар компаниядан iPhone телефондарындағы қорғаныс жүйесін айналып өтуге мүмкіндік беруді талап етуде. Мұндай қажеттілік өткен жылдың 2 желтоқсанында Сан-Бернардино қаласында 14 адамды өлтірген лаңкес Саид Фаруктың телефонынан басқа экстремистер туралы ақпаратты алу үшін туындаған.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!