Астаналық оқушылар Көкшетаудағы олимпиадада үздік атанды

Фотография - Астаналық оқушылар Көкшетаудағы олимпиадада үздік атанды

Олимпиаданың іріктеу турларында барша Қзақстаннан 350 мың оқушы бағын сынады

558 0

Көкшетауда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада аяқталды. Бес күн бойыеліміздің барлық өңірлерінен жиналған 735 оқушы түрлі бағыттар бойынша сайысты. Жаратылыстану-политехникалық бағытта астаналықтар жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, "Үздік команда" атанды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Олимпиаданың іріктеу турларында барша Қзақстаннан 350 мың оқушы бағын сынады. Ақтық сынға математика, физика, химия, биология, география және информатикадан ең үздік оқушылар өтті.

Техника саласындағы жаңашылдықтар да тыс қалған жоқ. Олимпиаданың ашылу салтанатында оқушылар мен студенттердің инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.

Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша елордалық оқушылар жаратылыстану-политехникалық бағытта жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, соның ішінде 5 алтын, 11 күміс және 16 қола медальға қол жеткізді.

Сонымен қатар, екі бала Алматы қаласының Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің грантына ие болды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!