Өскеменде "Білімге жол" интеллекуталдық сайысы өтуде

Фотография - Өскеменде "Білімге жол" интеллекуталдық сайысы өтуде

Осылайша Өскемен білім сайысын өткізетін еліміздегі төртінші шаһар болды.

950 0

"Білімге жол" атты интеллекуталдық эстафета Шығыс Қазақстан облысына жетті. Осылайша Өскемен білім сайысын өткізетін еліміздегі төртінші шаһар болды. Оған өңірдегі барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып жатыр. Олимпиадада көзі нашар көретін және құлағы мүкіс еститін балалар да сынға түсе алады. Сөйтіп оқушылар математика, логика, өзін-өзі тану сияқты бірнеше пәннен білімдерін ортаға салды. Ең төменгі сынып оқушылары өздеріне берілген тапсырмаларды ертегі әлеміне саяхат жасау арқылы орындап шықты. Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай сынақ балалардың білімдерін шыңдап қана қоймай, көпшілік ортада өздерін ұстай білуге, шешім қабылдауға, елгезек болуға үйретеді. Өскеменен соң сайыс эстафетасы Тараз қаласына берілмек. 

Ержан Домалатов, ұйымдастырушы: 

- Балалардың көңіл күйлері өте көтеріңкі. Әрбір бекеттерге кіріп, әрбір тапсырмаларды орындап  жатыр. Негізгі мақсат – бүгінгі шараны тек қана сайыс емес, мереке ретінде өткізу. Себебі балаларға арналған мұндай шаралар өте аз ұйымдастырылып жатыр. 

Айдана Қуатқызы, олимпиадаға қатысушы: 

- Біз тобымызбен тапсырманы орындадық. Математика тапсырмалары маған өте қызықты болды. Болашақта жарысқа тағы да қатысқым келеді.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!