Иранда жеуге жарамды тау табылды

Фотография - Иранда жеуге жарамды тау табылды

Иран мемлекетінің Ормуз аралында орналасқан бұл қызыл тауды жеуге болатын көрінеді.

741 0

Иран мемлекетінің Ормуз аралында орналасқан бұл қызыл тауды жеуге болатын көрінеді. Дәлірек айтқанда, жейтін тамағыңызды дәмділеу мақсатында қолдануға болады. Тіпті, бұл дәмдеуішті иран асханасының ажырамас бір бөлшегі десек те болады. Жергілікті халық бұл дәмдеуішті "геляк" деп атайды.

Дәмдеуішті дайындау үшін, ең алдымен, таудың қызыл тасын суға араластырады. Сәл тұндырып алғаннан кейін суын бөлек құйып алады. Оған Ормуз аралдарында өндірілетін тұз қосып, дәмдеуіш дайындап шығарады.

Қызыл түсті бұл тау Ормуз аралының оңтүстік бөлігінде 300 метр биіктікте орналасқан. Тау топырағынан тек дәмдеуіш қана емес, керамикалық өнімдер мен бояу да өндірілетін көрінеді.


muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!