Стэнфордтың қазақстандық бітірушісі жарнаманың жаңа түрін енгізуде

Фотография - Стэнфордтың қазақстандық бітірушісі жарнаманың жаңа түрін енгізуде

Ескендір Қасенов Астанаға оралып, жарнама индустриасында жаңа тренд енгізуге дайын

2433 0

Ақмола облысының тумасы Ескендір Қасенов өзінің 25 жасында CEO қатарында (компанияның жоғары қызметіндегі тұлға), ол "Болшақ" бағдарламасымен Стэнфорд университетін тәмәмдәп, "NURMASH-CIS" компаниясының жетекшісі болып отыр. "CIS" – ағылшын тілінен аударғанда ТМД.

NURMASH – жарнама нарығында жаңа есім. Команда мүшелерінің пікірінше, бұл маркетингтің мықты құралы. Ал бұл командаға сенбеске болмас, өйткені мұнда халықаралық ғылыми олимпиадаларға, бағдарламалау бойынша жарысқа қатысушылар, Viber, imo.im, VMware сияқты белгілі  IT-жобаларды жасау тәжірибесі бар мамандар жиналған.

Today.kz тілшісіне берген сұқбатында Ескендір Қасенов NURMASH-тың не екенін және қалай жұмыс істейтіні туралы баяндап берді.

- NURMASH – бұл не: мобильді қосымша, әлеуметтік желі, мультимедиалық портал ма, әлде желілік маркетинг пе?

- NURMASH – бұл жарнамалық жаңа құрылғы, ол компанияның да тұтынушылардың да мүддесін ескереді. Берндтің танымалдылығымен қатар кәсіпкерлер жақсы feedback-қа (кері байланыс) ие болады, ал тұтынушылар – ақша ұтып алу мүмкіндігін. Өз арамызда біз оны "сарафанды радио" деп атаймыз. Келісесіз бе ол әр кезде жақсы жарнамалық құрал болған.

- Ал енді мұның барлығы қалай жұмыс атқаратынын айтып беріңіз. Жүйелі түрде, мысалы мен пряник шығарамын да, сіздерге келдім...

Сіз, жарнама берушісіз, nurmash.com сайтында жеке кабинет ашасыз. Бұл жерде сіз өз еркіңізше промо-акциялар жүргізесіз. Ол үшін өнім атауын көрсетіп, жарнамалық ролик, қатысушылар түсіруі керек суреттерді жасау нұсқаулығын және опциалық сұрақ жүктейсіз. Сосын бес түрлі сыйға бөлінген ұтыс қорын белгілейсіз. Жарнаманы орналастыру құны промо-акцияның географиялық аумағы мен жарнама берушінің өз тұтынушыларына қаншалықты алғыс білдіргісі келетініне байланысты.

- Ұтыс қорының минималды көрсеткіші бар ма?

- Иә. Бұл кіші және орта бизнеске қолжетімді сомма. Промо-акциялар географиялық ауқымдылығы жағынан үш түрлі болады: қалалық, ұлттық және әлемдік. Қалалық науқанға құйылған ең кіші салымның өзі кейбір дәстүрлі жарнама түрінен арзан түседі.