Қазақстан мектептерінде оқу жылы маусым айның ортасына дейін ұзартылады

Фотография - Қазақстан мектептерінде оқу жылы маусым айның ортасына дейін ұзартылады

ҚР БҒМ басышысы Назарбаеваның ұсынысын қолдады

602 0

Қазақстан мектептерінде оқу жылын маусым айының ортасына дейін ұзартады, бұл туралы ҚР ғылым және білім министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Оқу жылын ұзарту ұсынысын ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева жасаған болатын, деп жазады Today.kz.

"Бес күндік оқу күнін енгізсек, сйкесінше оқушылардың 36 күн демалатындығына байланысты. Бұл 36 күннің бағдарламасын орындау керек. Бұл 1-ден 11-ші сыныпқа дейін. Сондықтан біз оқу жылын жаз айына дейін созуымызға тура келді. Қазіргі күні бірінші сынып оқушылары оқу жылын 1 маусымда аяқтайды да, жыл сайын бұл мерзім ұзара береді. Жоғары сынып оқушылары маусым айының ортасына дейін оқиды. Одан кейінгісін есепке алу керек, өйткені емтихандар бар", - деді Сағадиев қазақстандық мектеп формасының форум-көрмесінде.

Өгерістер білім берудің жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік беретін жаңа оқу бағдарламасын енгізуге де байланысты, деп атап өтті ол. Сонымен қоса мектептерде бес күндік оқу аптасын енгізу, осыған байланысты оқу жылын ұзарту бәсекеге қабілетті қазасқтандықтарды өсіруге мүмкіндік беретіні де айтылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!