Екінші рет қайнатылған суды пайдалану зиянды

Фотография - Екінші рет қайнатылған суды пайдалану зиянды

Әуел баста пайдалы болған минералды заттардың өзі ұзақ қайнау салдарынан көп мөлшерде тұнып, зиянды формаға ауысып кетеді.

303 0

Әдетте шай ішу үшін немесе басқа да мақсатта пайдалану үшін суды қайнатып, кейін басқа іске айналып кететін әдет әлемнің барша еліндегі адамдарға ортақ. Суыған суды ысытамын деп, екінші рет қайнатып алу да бәрінің басында кездесетін және күн сайын қайталанып келе жатқан іс. Дәл осылай екінші мәрте қайнаған су адам ағзасына өте зиянды сұйықтыққа айналып кететінін біреу білсе, біреу білмейді.

Әдетте су қайнаған кезде оның құрамындағы зиянды заттар бумен бірге бөлініп кетеді. Алайда су тым ұзақ қайнаса немесе екінші мәрте қайнатылса, оның химиялық құрамы өзгеріп кетеді: көптеген зиянды заттар тұнып қалады. Олардың қатарына күшән (күшәла), нитрат (тұз және азот қышқылының эфирі), фторид енеді.

Әуел баста пайдалы болған минералды заттардың өзі ұзақ қайнау салдарынан көп мөлшерде тұнып, зиянды формаға ауысып кетеді. Мысалға кальций тұзын алайық. Қалыпты жағдайда бұл пайдалы минерал саналғанымен, көп мөлшерде тұнып қалса, ол бүйректе тас пайда болуына себепкер зиянды зат болып шыға келеді.

Сондай-ақ, суды қайта қайнату салдарынан мына заттар адам денсаулығына зиянын тигізеді:

1. Күшән

Уикипедия деректеріне сүйенсек, Күшәла немесе Күшән (Мышьяк) - элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы химиялық элемент. Атомдық нөмірі - 33. «As» деген таңбамен белгіленеді. Ерте кезде тышқан өлтіруге қолданғандықтан орыс тілінде «Мышьяк» деп аталып кеткен. Оны 1789 жылы А. Л. Лавуазье ашқан. Күшән қосылыс түрінде де, дара түрінде де улы болып келеді. Онымен уланған адам басы ауырып, іші өтіп, жүйке жүйесі қозады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ауыз су құрамында дәл осы күшәннің мөлшері артып кетсе халыққа зиянды екендігі туралы деректер келтірген.

Күшәнмен уланғаннан кейін адам шалдығуы мүмкін аурулар мыналар: асқазан-ішек жолдары ауруы, сусамыр, шеткі (перифериялық) нерв жүйесінің кеселдері, жүрек-қан тамыры аурулары, бүйрек жұмысының тоқтауы, тері аурулары және обыр.

2. Нитраттар

Нитрат топырақта да, ауада да, суда да бар. Қалыпты жағдайда одан ешкім жапа шекпейді. Ал егер оған жоғары температура әсер етсе, мәселен, суды екі рет қайнатқан жағдайдағыдай, ол өте зиянды затқа айналады.

Нитраттар (грек, nitron - сода, селитра) - өнеркәсіпте, әсіресе ауыл шаруашылығында көп қолданылатын азот қышқылының тұздары. Аммоний нитраты, сілтілік және сілтілік жер металларының нитраттары «селитра» деп аталады. Белгілі бір мөлшерден артық пайдаланғанда Нитраттар тамақ өнімдерінде жиналады да, адамды уландырады.

Жоғары температура әсер еткенде нитраттар нитрозаминге, яғни концерогенді затқа айналып кетеді. Канцерогендер (латынша cancer - қатерлі ісік және грекше genes - тудырушы) - организмде қатерлі ісік ауруларын және әр түрлі қатерлі және қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар.

3. Фтор

Фтордың адам ағзасына тигізетін әсері жайлы және оның су құрамында болмайтындығы туралы бітпей келе жатқан дау бар. Бірақ, су құрамында кездесетін фторид зиянды зат екендігіне ешкім дау айта алмайды. Себебі бұл сан түрлі тәжірибелер барысында дәлелденген.

Гарвард университеті осы тақырыпта 22 жыл бойында 27 түрлі сынақ жүргізіп көрген. Нәтижесінде фторидтер белгілі мөлшерден көп болған жағдайда баланың когнитивтік дамуын тежейтіні анықталды. Когнитивтік даму - адамның когнитивтік ортасының, атап айтқанда оның қабылдауының, есте сақтауының, ойының, тілінің, қиялының қалыптасу мен даму процесі.

«Environment Health Sciences» журналында жарияланған зерттеу қорытындысында келтірілген мәліметтерге сүйенер болсақ, су құрамында фтордың артуы баланың IQ деңгейін төмендетіп жібереді. 2013 жылы жүргізілген тағы бір экспериментте фтордың бала туу көрсеткішіне әсер ететіні де мәлім болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!