8 жасар мұсылман "оқу императоры" атанды

Фотография - 8 жасар мұсылман "оқу императоры" атанды

Бұл сайыс жергілікті әкімшілік қолдауымен 10 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

298 0

Германияның Бад-Гарцбург қаласындағы орталық кітапханада ұйымдастырылған сайыста 8 жасар сириялық босқын екінші мәрте жеңімпаз атанды.

Оқушылар арасында "Оқу императорын" анықтауға арналған бұл сайыс жергілікті әкімшілік қолдауымен 10 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қатысушыларға үш ай бұрын 10 кітап беріліп, сайыс барысында сол кітаптардың мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға жауап береді.

8 жасар Ахмад Хазани осымен екінші рет бұл сайыстың жеңімпазы атанып отыр. Әкесінің айтуынша, неміс тілін мүлде білмейтін Ахмад оқып-жазуды қысқа мерзім ішінде үйреніп алған.

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!