Қазақстанда бір миллиондай ер адам белсіздікке шалынған

Фотография - Қазақстанда бір миллиондай ер адам белсіздікке шалынған

Мұндай деректерді Қазақстан репродукция медицинасының қауымдастығы келтірді

509 0

Мұндай деректерді Қазақстан репродукция медицинасының қауымдастығы келтірді. 2015 жылғы көрсеткіш бойынша бала тууға қабілетті адамдардың 10-15%-ы бедеуліктің түрлі формасына шалдыққан. 

Оның ішінде баласыз отбасылардың 48-50%-ы ерлердің денсаулығына байланысты перзент сүйе алмай отыр.

"Әлемдік проблемаға айналған ерлер денсаулығының нашарлауы біздің елде де бар. Біздің орталыққа 1 жылда перзентке зар 1500 отбасы келеді. Жүргізілген тексерулерге орай олардың 50%-ында ерлердің денсаулығынан ақау шығады. 20%-ында репродуктивтік технологиялардың көмегі қажет. Менің айтарым, әйелдердегі бедеулікті 70% жағдайда емдеуге болатынын айтқым келеді. Тек ертерек дәрігерге көріну керек", - деді Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті Алмагүл Ахметова.

Маманның айтуынша, мұндай көрсеткішке ерлердің ішімдік, темекіге салынып, салауатты өмір салтынан алыстап кеткені себеп болып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!