Қазақ жігіті Google компаниясының аға инженеріболып тағайындалды

Фотография - Қазақ жігіті Google компаниясының аға инженеріболып тағайындалды

Ғалымжан Өтеулин бағдарламамен қамтамасыз ету жөніндегі аға инженер болып тағайындалды.

329 0

Нью-Йорктегі Google компаниясында жұмыс істейтін Ғалымжан Өтеулин бағдарламамен қамтамасыз ету жөніндегі аға инженер болып тағайындалды. Бұл жайында бүгін оның анасы әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісіп, құттықтау лебізін қалдырған.

"Ұлымды құттықтаймын!!!! Ғалымның қызметі өсіп, GOOGLE-да Senior Softwаre Engineer лауазымына тағайындалды!!! Баламды мақтан тұтамын. Бұл компанияға бар-жоғы 2 жыл бұрын ғана келген еді. Оған дейін AMAZON компаниясында істеді. Қазір Ғалым бірнеше жобаларда Tech Leader, бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып үлгерді", – деп жазған Ғалымжанның анасы Фейсбуктегі парақшасында.

Ол жаңа қызмет ұлына мол жауапкершілік жүктейтінін әрі одан да терең білімді талап ететінін атап өткен.  Хафиза Баймұханның жазбасының соңын: "Жаңа қызметтің жүгі ауыр, жобаларды тиімді іске асыру үшін команда жұмысын үйлестіріп, жоспарлау, жаңа технологиялар әзірлеу мен енгізу міндетін жүктейді. Ұлыма сәттілік пен табыс тілеймін!!!", - деген игі тілегімен аяқтапты.

Қазақстандықтар да әлеуметтік желі арқылы отандасымызды жаңа қызметімен құттықтап, ұлына өнегелі тәрбие берген ата-анаға алғыс айтып жатыр..



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!