Қазақстанда алғашқы бизнес-арна жұмысын бастады

Фотография - Қазақстанда алғашқы бизнес-арна жұмысын бастады

Atameken business channel арнасының бас директоры айтуынша, ABCTV – Қазақстанның эксклюзивті экономикалық және қаржы жаңалықтарын жеткізуші

482 0

Бүгін Қазақстанда бизнес жаңалықтарын тарататын алғашқы қазақстандық мультимедиялық арна – Atameken business channel өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл Қазақстанда баламасы жоқ жаңа бизнес-телеарна. Atameken business channel арнасының бас директоры Юлия Валиахметованың айтуынша, ABCTV –  Қазақстанның эксклюзивті экономикалық және қаржы жаңалықтарын жеткізуші арна.

"Жаңа медиа ресурстың басты мақсаты – бизнес-қоғамдастықты тың ақпаратпен қамтамасыз ету, бизнесмендерге және іскер адамдарға маңызды шешімдер қабылдау үшін шынайы әрі өзекті іскерлік ақпарат ұсыну. Хабар тарату мемлекеттік және орыс тілдерінде жүреді", – деп атап өтті Юлия Валиахметова.

Atameken business channel арнасының аудиториясы – шағын, орта және ірі бизнес өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, бір сөзбен айтқанда, өз уақытын бағалайтын және объективті ақпаратты жедел алуды қалайтын прагматик адамдар, жаңа технологияларға және девайстарға қызығатындар.

www.abctv.kz телевизиясы – LiveStream режимінде жұмыс істейтін ғаламтордағы алғашқы ТВ-арна. Ол Қазақстан, ЕАЭО, ТМД және дүние жүзіндегі жаңалықтарды қамтиды. Сараптамалық бағдарламалар, даму болжамдары мен нарықтағы өзгеріс, мамандардың пікірлері мен сарапшылардың бағамы және басқалар айтылады, деп хабарлады ҚР ҰКП баспасөз қызметі.

Телеарна Қазақстанның екі қаласынан: Астана және Алматыдан бірдей хабар  таратады. "IBS" және  Almaty Tower бизнес-орталықтарында жаңа тұрпатты екі жоғарытехнологиялық телестудия қызмет атқарады. Студиялар виртуалды алаңдар режимінде ORAD бағдарламасындағы қосымша нақтылықты қолдану мүмкіндігімен жұмыс істейді.

Ертең Астанада өтетін ЕАЭО Іскерлік кеңесі отырысының жұмысы ABCTV арнасында тестілік режимде жан-жақты көрсетіледі.

Одан бөлек, 25 және 26 мамырда VIII Астана экономикалық форумының алаңында  құрылған мобильді телестудияда форумның VIP-спикерлерінің қатысуымен сұхбат жүргізіледі, сондай-ақ, барлық жаңалықтар мен оқиғалар бизнес-арнаның тікелей эфирі арқылы беріледі.

Телеарнамен қатар қаржы, экономикалық, саяси жаңалықтар тарататын жаңа www.abctv.kz порталы іске қосылды. Онда сараптамалар, рейтингтер, тұжырымдар, болжамдар, валюта бағамдары, құнды  қағаздар, қымбат металдар нарығы, шикізат және шикізат емес ресурстар, банк, биржа және компаниялардың жаңалықтары айтылады. 

Atameken business channel арнасының басты ақпараттық серіктестері – "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, THOMSON REUTERS – сараптамалық ақпараттың, ақпараттық шешімдердің және бизнеске арналған мәліметтер базасының көшбасшы жеткізушісі, KASE – Қазақстан қор биржасы.

Бағдарламалардың жүргізушілері тек кәсіпқой журналистер ғана емес, сонымен бірге экономика және қаражат, өнеркәсіп, өндіріс пен нарық саласындағы сарапшылар және кәсіпкерлер екендігін айта кеткен жөн.

Жаңа телеарнадан мынадай бағдарламаларды көруге болады: "Наталья Шпармен басты жаңалықтар" –  басты нәрселер туралы қысқа да нұсқа, дәл ақпарат. "Юлия Синчукпен нарық туралы" – нарық проблемалары, заманауи трендтер. "Ордабаев. Өзекті" –  кәсіпқой сарапшылардың өзекті мәселелері. "Больгерт. Салалар" – талдау мен болжам. "Гүлнар Әмреновамен галстуксіз бизнес" – еліміздің жетекші бизнесмендерімен сұхбаттар. "Ғалия Маратпен бизнес-класс" – пәтерлер, автокөліктер, салондар, мейрамханалар туралы және бизнес-класс деңгейіндегі көптеген мәселелер.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!