Парижде роботтардың көрмесі өтті

Фотография - Парижде роботтардың көрмесі өтті

Адамның эмоцияларын танып, әңгіме-дүкен құрып, пайдалы ақыл-кеңес бере алатын робот жиналғандардың жүрегін тез жаулап алған.

205 0

Парижде "Инноробо" атты робот техникасының көрмесі өтті.

Мұнда биші, санитар, көмекші құлтемірлер таныстырылған. Бірақ Пеппер есімді андроид көпшілік назарын аудара білді. Адамның эмоцияларын танып, әңгіме-дүкен құрып, пайдалы ақыл-кеңес бере алатын робот жиналғандардың жүрегін тез жаулап алған. Пеппер отаны Жапонияда кеңінен танымал. Оны шығарған компания андроидтарды Еуропа нарығында сатуға кіріскенін хабарлады.

"Роботтар адамдардың үлкен қызығушылығын тудырады. Пеппер бірнеше іс-тәжірибеде өзін жақсы жағынан көрсете білген. Ол супермаркеттерде, теміржол станцияларында, тіпті саяхат лайнерлерінде жұмыс істеп, жұрттың көңілінен шықты. Бәрі онымен араласқысы келеді", - дейді өндіруші компанияның өкілі Аврора Чико.

24.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!