"SOYLE.KZ" арқылы сөйлесейік

Фотография - "SOYLE.KZ" арқылы сөйлесейік

Таныстырылым кезінде қызметкерлерге бұл жобалар көрнекі түрде көрсетіліп, мысал ретінде әр бөлімдердің қалай жұмыс істейтіні түсіндірілді.

244 0

Үстіміздегі жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры жобаларының таныстырылымы болып өтті.

Жиынға СІМ-нің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, қызметкерлер қатысты.

Қор директоры Азат Шәуеев Қордың осы уақытқа дейін атқарған шаралары, ересектерге арналған "SOYLE.KZ" балаларға арналған "BALA.SOYLE.KZ", сияқты жобалар жөнінде толық мәлімет берді.

А. Шауеевтің айтуынша бұл жобаларды жасауға көптеген танымал ғалымдар, бағдарламашылар атсалысқан, жобаларды дайындау барысында осыған ұқсас көптеген шетелдік нұсқалар зерттеп, зерделенген.

Таныстырылым кезінде қызметкерлерге бұл жобалар көрнекі түрде көрсетіліп, мысал ретінде әр бөлімдердің қалай жұмыс істейтіні түсіндірілді.

Кездесуде әйгілі "WhatsApp" месенджерінің аналогы қазақстандық "iTys" месенджері туралы да мағлұмат берілді. Қазірдің өзінде бұл қызметті 500 мыңнан астам қазақстандықтар мен шетелдегі қандастарымыз пайдаланады екен.

Оған қоса Қор әзірлеген tattialma.kz (балалар әдебиеті) сайты, abaialemi.kz онлайн порталы, "Кім білгіш" (тапқырлық ойындары) және "Менің Қазақстаным" атты андройд платформаларына арналған ұтқыр қосымшалар жөнінде жан-жақты әңгіме болды.

Таныстырылым соңында СІМ қызметкерлері тарапынан Қор басшылығына көптеген сұрақтар қойылды, аталған жобалар мен ұтқыр қосымшалар тіл үйренуге, ұрпақты патриоттық тұрғыдан тәрбиелеуге өте пайдалы деген пікір білдірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!