Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Фотография - Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Талапкерлердің 11 жыл бойы алған білімін саралап, түйіндейтін сындарлы сәті сағат тілі 09:00-ді көрсеткенде басталды

1145 0

Маусымның 2-сі мен 9-ы аралығында өтетін сынаққа қатысуға биыл мектеп бітіруші 121 мың баланың 87 мыңы ниет білдірген. Оның ішінде 63 мың мектеп бітіруші – қазақ тілінде, қалған 24 мыңға жуығы орыс тілінде білімін сынайды, деп хабарлады  24.kz.

Талапкерлердің 11 жыл бойы алған білімін саралап, түйіндейтін сындарлы сәті сағат тілі 09:00-ді көрсеткенде басталды. "Білім – инемен құдық қазғандай". Көз майын тауысып, кірпік қақпаған түндер артта қалды. Енді ұстаз бен ата-ана үмітін ақтайтын кез келді. Түлектер тестке кірмес бұрын тыңғылықты тексеруден өтті. Шпаргалка, ұялы телефон, тыйым салынған басқа да құрылғылардың бар-жоғы тексерілді. Айта кету керек, биыл талапкерге қойылған талап өзгерген жоқ. Оқушылар 5 пән бойынша тест тапсырады. 3,5 сағатта 125 сұрақтың жауабын табуы тиіс. Жоғары оқу орнына түсемін десе, кемінде 50 ұпай жинауы шарт. Ал ұлттық университетте білім алғысы келетіндердің көрсеткіші 70 балдан төмен болмауы керек. Десе де аз-кем өзгерістер бар. Нақтырақ айтқанда, сынақтан сүрінгендер ҰБТ-ны қайта тапсыра алады. Перзенттеріне тілекші болып келіп отырғандардың көпшілігі – ата-аналар. Сынақ осы кісілердің көз алдында өтіп жатыр. Төрде тұрған үлкен экраннан оқушылардың қалай тест тапсырып отырғанын онлайн көруге болады. Алғашқы күннің қорытындылары бүгін кешке жарияланады. Тестілеудің төңірегіндегі тартыстардың болатыны анық. Ендеше ертең апелляциялық комиссиялар үшін қызу жұмыс басталады. Ал алдағы 7 күнде сынақтың тағы үш легі өтеді. Өз тарапымыздан өмірдің алғашқы үлкен сынағына түсіп, өмірін жаңа арнаға бұрғалы отырған барша түлектерге сәттілік тілейміз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!