Астана қаласында ҰБТ бойынша орташа балл - 89,2

Фотография - Астана қаласында ҰБТ бойынша орташа балл - 89,2

Үстіміздегі жылы 4695 түлектің 3785-і тестілеуге қатысты, бұл түлектердің жалпы санының 80,6% құрайды.

356 0

2016 жылғы 2-6 маусымда елордада Бірыңғай ұлттық тестілеу өтті. Қала бойынша орташа балл 89,2 құрады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,6 баллға өскен, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Үстіміздегі жылы 4695 түлектің 3785-і тестілеуге қатысты, бұл түлектердің жалпы санының 80,6% құрайды. 887 оқушы (18,9%) дәстүрлі емтихан тапсырды, оның ішінде 262-сі - халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (жарыстардың) жеңімпазы, 625 – таяу және қиыр шетелдік ЖОО-ларға оқуға түсетін түлектер. 23 оқушы денсаулығына байланысты қорытынды аттестациядан босатылды.

Ұлттық емтиханның қорытындысы бойынша № 72 мектеп-лицейінің түлегі Нұрасыл Ержанов 125 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген. 1460 (38,6%) түлек 100-125 балл жинады, 150 (5%) оқушы шекті балл ала алмаған.

"Алтын белгіге" үміткер 187 түлектің (Назарбаев университетіне түсетіндіктен біреуі емтихан тапсырудан бас тартты) 127-сі өз білімін растады, бұл 67,9% құрайды, 10 оқушыға 1 баллдан жетпей қалды, 3 оқушы қайта тапсыратын болды.

"Алтын белгі" иегерлеріне аттестаттар табыстау рәсімі 17 маусымда елорда әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда өтеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!