Сағадиев Алматыда ашылған алғашқы робототехника зертханасын тексерді

Фотография - Сағадиев Алматыда ашылған алғашқы робототехника зертханасын тексерді

Зертхананың ашылуымен №159 гимназия оқушыларын білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев те құттықтады.

842 0

Қазақстанда алғашқы робототехника зертханасы ашылды. Алматыдағы №159 гимназиядағы зертхананың ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен ХАТУ ректоры Дамир Шыныбеков қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР БҒМ  мен Халықаалық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) бірлескен күш-жігерінің арқасында елімізде робототехника жасау бойынша оқу зертханалары ашылуда. Оқу мекемесінің ректоры Дамир Шыныбеков таяу арада республиканың 90 мектебінде осы тектес зертханалар ашылатынын мәлімдеді.

"Бастапқы кезеңде зертханалар Алматының бес мектебінде ашылады. № 159 гимназиядан бөлек, РФММ, № 146 гимназиясы, № 165 лицейі, сондай-ақ № 28 және № 166 мектеп-лицейлерінде іске қосылады. Оқушылар робот жасауға арналған жинақтарды алып та үлгерді. Робототехника жөніндегі элективті курстар негізіне электроника, механика, телемеханика, радиотехника, бағдарламалау, информатика, электротехника және физика секілді пәндер кіреді. Зертханалар Marwin брендімен жеткізілетін LEGO MindstormsEV3 робот жасауға арналған жиынтықтарымен жарақтандырылуда", - деді Дамир Шыныбеков.

Зертхананың ашылуымен №159 гимназия оқушыларын білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев те құттықтады.

"Бүгін біз үшін маңызды күн. Біз бүгін робототехниканың ұлттық балалар лигасын ашып отырмыз. Келесі жылы 300 команда финалға, ЭКСПО-ға келеді деп үміттенеміз. Робототехника лигасына қолдан келгенше көмек көрсетеміз, аудандық, облыстық және республикалық сайыстар өткіземіз. Халықаралық жарыстарға жібереміз. Бүгінде бұл бағыт әлемде қарқынды дамып жатыр", - деді БҒМ басшысы. 

Сағадиевтің айтуынша, Азияда бес миллионға тарта бала робототехникамен айналысады. Сондықтан қазақстандық оқушылар әлемдік біріншіліктерге қатысу үшін жаңа курсты тезірек меңгергені жөн.

Фото -




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!