Қазақстанда жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беру тоқтатылады

Фотография - Қазақстанда жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беру тоқтатылады

ЖОО-ларда ректорларды тағайындау рәсімінде ашықтықты арттыру жоспарланып отыр.

428 0

2021 жылдан бастап Қазақстанда жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі дипломдарды беруден бас тарту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Ерлан Сағадиев мәлім етті.

"Бұл өз кезегінде білім сапасы үшін жоғары оқу орындарының жауапкершілігін арттыра түседі", - деп түсіндірді Е. Сағадиев.

Оның сөзінше, ЖОО-ларда ректорларды тағайындау рәсімінде ашықтықты арттыру жоспарланып отыр. Негізгі өлшем ретінде ұсынылған адамның абырой-беделі, кандидатпен таныстырылған жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасының сапасы ескеріледі.

Министрдің айтуынша, мемлекет халықты мемлекеттік қызметтермен толықтай қамтамасыз еткенде сыбайлас жемқорлықпен ең тиімді күрестің нәтижесі байқалады. Сонымен қатар реттеу шараларында мемлекеттің рөлі төмендеп, нарықтық тетік күшейеді және шешімдердің транспаранттілігі қамтамасыз етіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!