Қазақстандық агроинженерлер жүгеріні суармай өсіруді үйренді

Фотография - Қазақстандық агроинженерлер жүгеріні суармай өсіруді үйренді

Фото: centr-molodosti.ru

Жүгері алқабы өсу мерзімі ішінде үш рет Америка Құрама Штаттарында дайындалатын арнайы препаратпен өңделуі тиіс.

330 0

Қазақстандық агроинженерлер жүгеріні суармай өсіруді үйренді, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

 

Алқапты суару жиілігі тек ауа-райына байланысты. Эксперимент ретінде көп суаруды талап ететін жүгері егілді. Жүгері алқабы өсу мерзімі ішінде үш рет АҚШ-да дайындалатын арнайы препаратпен өңделуі тиіс. Қазір жаңа технология тестілеуден өткізіліп, алынып жатқан өнім зерттеліп жатыр.  

 

Тесттік алқапқа әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген жүгерінің екі мыңға жуық сорты, тары, қарақұмық және қызылшаның мыңдаған түрлері егілді.  Өсімдіктер тұқымдары карантиндік тәлімбақ аумағында тексеруден өткізілгеннен кейін ғана себіледі.

 

Күрделі зерттеулерден кейін жаңа препараттар ауыл шаруашылығы министрлігіне, ақырғы сараптамаға жіберіледі. Агроинженерлер американдық технологияның көмегімен рекордтық өнім алып, экологияны сақтауға, сондай-ақ, суды үнемдеуге болатындығына сенімді. Олар препараттардың қолданғандығына қарамастан, жүгерінің дәмдік сапасы төмендемей, адам денсаулығы үшін қауіпсіз қалпында қалғанын айтады. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!