Қытай Цзюцюань ғарыш айлағынан «Тяньгун-2» ғарыштық зертханасын жіберді

Фотография - Қытай Цзюцюань ғарыш айлағынан «Тяньгун-2» ғарыштық зертханасын жіберді

Фото: russian.xinhuanet.com

ҚХР ірі орбиталық станциясын құру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

308 0

Қытай Цзюцюань ғарыш айлағынан «Тяньгун-2» («Аспан сарайы-2») ғарыштық зертханасын жіберіп, 2022 жылы іске қосылатын ірі орбиталық станциясын құру жөніндегі ұлттық бағдарламасын бастады, деп хабарлайды Today.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

 

«Күз ортасы» мерекесі күні Гоби шөлінің солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан «Чанчжэн-2F» зымыран тасығышының көмегімен, қоңыр түтінге оралып, артында орасан отты із қалдырып, «Тяньгун-2» толық Ай астындағы аспанға ұмтылды", - деп жазылған таратылып отырған хабарламада.

 

Естеріңізге саламыз, болашақ «Тяньгун-1» ғарыш станциясының алғашқы модулі ғарышқа 2011 жылдың 29 қыркүйегінде ұшырылып, жер орбитасында екі жыл жұмыс істеді. Келесі кезеңде «Тяньгун-3» модулін жіберу көзделген. Үш лаборатория ұлттық ғарыш станциясын құру бойынша Қытай жүргізіп жатқан кешенді жұмыстар аясында ұшырылмақ.

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!