966

"Қазақтелеком" Kcell-дің 75 пайыз акциясын сатып алуы мүмкін

Қазақстанның монополияға қарсы комитеті "Қазақтелекомның" Kcell-дің 75 пайыз акциясын сатып алу жөніндегі өтінішін қарастыруда.
Фотография - "Қазақтелеком" Kcell-дің 75 пайыз акциясын сатып алуы мүмкін Сурет: 7kun.kz

Қазақстанның жетекші операторы "Қазақтелекомның" Kcell-дің (Kcell, Activ және Vegaline брендтері) 75 пайыз акциясын сатып алу жөніндегі өтініші 30 күн ішінде қарала алады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазды. 

Алдында хабарланғандай, Қазақстанның монополияға қарсы комитеті "Қазақтелекомның" Kcell-дің 75 пайыз акциясын сатып алу жөніндегі өтінішін қарастыруда.

"Мұндай мәміленің ұялы байланыс пен интернет-трафик қызметін көрсету нарығына ықпал ету ықтималдылығы қарастырылуда", - делінген онда.

Қолданыстағы заңға орай, монополияға қарсы орган бұл экономикалық шоғырлануға тыйым салған жағдайда, "Қазақтелекомның" Kcell-дің дауыс беруші 75 акциясын сатып алуға құқы болмайды.