3535
12

Назарбаев енгізген жаңа әліпбидің смартфонға арналған пернетақтасы пайда болды

Жаңа латын әліпбиінің пернетақтасы Android пен MacBook үшін жасалған.
Фотография - Назарбаев енгізген жаңа әліпбидің смартфонға арналған пернетақтасы пайда болды Көрнекі сурет

Жақында ғана Нұрсұлтан Назарбаев өзгеріс енгізген латын әліпбиінің смартфондар үшін пернетақтасы жасалды, деп хабарлайды Today.kz.

Қазір пернетақта Android пен MacBook қолданушылары үшін қол жетімді. Оны программист Данияр Муханов 2-3 күннің ішінде жасап шыққан.

"Жаңа латын әліпбиінің пернетақтасын Android үшін java тілінде, MacBook үшін ukulele тілінде жаздым. Android пен MacBook-қа орнатуға болады. IOS-қа арналған пернетақтаны Zero To One Labs-тағы әріптестерім жасады, ол енді шығады. Смартфонға ыңғайлылығы жағын қолданушылар айтар. Мен әліпби қолданушысы ретінде  жаңа әліпбиді бұрынғыдан жақсырақ дер едім.  "У" әрпінің оқуға да, жазуға да ыңғайсыздығы бар. "И" мен "І" әрпі де әлі мінсіз емес. Басқасына көңілім тоқ", – деді Данияр Муханов.

Жаңа латын әліпбиі пернетақтасының құрастырылғанына бір күн өтсе де жүзден астам адам смартфонына қондырып алған.

Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпан күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізген болатын.

Алғашқылардың бірі болып ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қасымжомарт Тоқаев латын графикасымен жазып көрді. Ал ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев үкімет отырысында латын графикасындағы қазақ әліпбиінен не үшін апострофтың алынғанын түсіндірді.

"Осы бағытта жұмыс істеген мамандардың көкейінде сұрақ туды. Апостроф дегеніміз - арнайы белгі, ажыратушы. Бұл іздеу жүйелерін, алгоритмдерді қиындатады. Мемлекет басшысы мамандардың, соның ішінде IT саласы мамандарының пікірін тыңдады. Бұл Президенттің маңызды стратегиялық шешім шығарарда қоғам пікіріне құлақ асатынын дәлелдейді. Әліпбидің қазіргі нұсқасы барынша тиімді", – деді министр. 

Загрузка...
  • кайрат
    Бұл пернетақтамен латын әліпбиін тез менгеруге болады, қазір де ағылшын алфавиттін қолданып жүрміз ғой
  • кайрат
    Латын алфавитына қатысты Данияр бауырымыздың программист маман ретінде айтқан ойы дұрыс сияқты.
  • Асел
    Осындай талантты, білгір жас программист мамандардың еліміздің дамуына өз үлесін қосып жатқаны қандай тамаша.
  • Асел
    Күніне 24 сағат қолымыздан смартфон түспейді, бұл латынды үйренудің ең тиімді әрі қолайлы түрі болар еді.
  • Erjan
    Kaidan jazyp alsam bolady latyn perne taqtasyn
  • Алсу
    Как оперативно он создал
  • Марат
    Переход на латиницу пойдет только на пользу в конце концов надо стремится к развитию
  • Аскар
    Переход на латиницу верный и своевременный шаг
  • Даурен
    Радует, что такие инициативные казахстанцы работают ради того, чтобы народу нашейстраны было удобно и комфортно с латинским алфавитом.
  • нарын
    Өте дұрыс болған екен. ОСы соңғы нұсқа көпшіліктің ойынан шығып жатыр. Апострофты алып тастап, басқаша нұсқа ұсынып, осы Елбасы қабылдап та үлгерді. Тіпті міне, гаджеттерге соңғы нұсқа бойынша пернетақта да енгізілген екен.
  • Лашын
    Жалпы, соңғы нұсқа бойынша программистер де жақсы пікірде. Алдыңғы нұсқалар бағдарламалауға келмейтін еді, ал ең соңғы қабылданға нүсқа барлығының ойынан шығып отырған жәйі бар.
  • Айдар
    Латын алфавитін қабылдаған Қазақстан тарихи қадам жасап отыр. Бұл алфавитті қабылдап, барлық саласында жетістікке жетіп отырған Түркия Мемлекетінен мысал алуға болады.