1032

Илон Маск жасанды интеллект туралы фильмде Қазақстан Президентін гуглдан іздеді

Бұл әрекетті миллиардер деректі фильмнің тоғызыншы минутында жасаған.
Фотография - Илон Маск жасанды интеллект туралы фильмде Қазақстан Президентін гуглдан іздеді Сурет: видеодан скриншот

Илон Маск жасанды интеллект туралы фильмде Қазақстан Президентін гуглдан іздеді, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл әрекетті миллиардер деректі фильмнің тоғызыншы минутында жасаған. Қазақстан Президентін іздеп отырған кезде америкалық өнертапқыш іздеу жүйесінің мүмкіндігі туралы айтқан. 

Фото -

"Біз іздеу жүйесін қолданамыз. Кейде сұрақты толық жазып бітпей жауабын аламыз. Мысалы, "Қазақстан Президенті кім?" Жауабын бірден аламыз. Дұрыс жауапты білу үшін қазақстандық сайтқа кірудің қажеті жоқ", – дейді Илон Маск "Компьютеріңізге сенесіз бе?" атты деректі фильмде. 

Фото -

Фильмде басқа да атақты өнертапқыштар мен ғалымдардың сараптамалары жинақталған. 

Кейіпкерлер желінің саяси сайлауға, медициналық диагностикаға, қарулануға деген ықпалын сөз етеді.