838

Петропавл көшелеріне smart орындықтар қойылды

Орындықтар емен ағашынан жасалғандықтан жауын мен аптап ыстыққа бүлінбейді.
Фотография - Петропавл көшелеріне smart орындықтар қойылды Сурет: 24.kz

Петропавл көшелеріне smart орындықтар қойылып жатыр, деп хабарлайды Today.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасай отырып.

Орындықтар арқылы тұрғындар телефонын сымсыз қуаттай алады. Бұл "Ақылды қала" бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалардың бірі. Цифрлық ноу-хау адамдар көп жүретін басты және орталық алаңдарға қойылған. "Ерекше" орындықтар емен ағашынан жасалған. Сондықтан да жауын-шашын мен аптап ыстықта бүлінбейді.

Тағы бір артықшылығы – күн сәулесінен қуат алады. Аялдау орны әсіресе жастардың көптеп жиналатын жеріне айналды.

"Қаланың орталық алаңдарында 4 smart – орындық орнатылды. Олар тегін Wi-Fi да таратады. Енді тұрғындар көшеде серуендеп қана қоймай, ұялы телефондарын қуаттай алады", – дейді қалалық әкімдік бөлімінің бас маманы Асхат Рамазанов.