3011

Ахметжан Есімов София роботтан Қазақстанды қалай цифрландыруға болатынын сұрады

"Қазпоштаның" Астанадағы роботизацияланған жаңа кеңсесінің ашылуына адамтектес робот София қатысты.
Фотография - Ахметжан Есімов София роботтан Қазақстанды қалай цифрландыруға болатынын сұрады Сурет: today.kz

"Қазпоштаның" Астанадағы роботизацияланған жаңа кеңсесінің ашылуында адамтектес робот София Қазақстанды қалай цифрландыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Today.kz.

"Қазпоштаның" жаңа кеңсесінің ашылу салтанатына "Самұрық – Қазына" қорының төрағасы Ахметжан Есімов қатысты. Ол София роботтан жасанды сананың адам баласы үшін қаншалықты қауіпті екенін сұрады. 

"Менің ойымша, біз әлі көп нәрсе үйренуіміз керек, бірақ біз тез үйренеміз. Болашақта адамзатты денсаулыққа зиянды әрі күрделі жұмыстардан азат етеміз, ал адамдар өз-өздерін дамытуға көңіл бөлетін болады", – деді София. 

Есімов Қазақстанды қалай цифрландыруға болатынын сұрады. 

"Осы бағытта тиімді жүріп келе жатқандарыңызды көріп тұрмын, жай ғана тоқтап қалмаңыздар, күн сайын диджитализация процесін жылдамдата беріңіздер. Сіздерге сәттілік тілеймін", – деді София. 

3 шілдеде София Жібек жолы қалалары басшыларының форумында сөз сөйлеп, Астананың бірегей архитектурасына сүйсінгенін айтқан болатын. 

Загрузка...