1062

Facebook Messenger жұмыс істемей қалды

Қолданушылар жүйенің істен шыққанына алаңдаулы.
Фотография - Facebook Messenger жұмыс істемей қалды Көрнекі сурет

Хабарлама алмасуға арналған ірі Facebook Messenger жүйесі істемей қалды. Бұл туралы The Independent басылымы хабарлады, деп жазады Today.kz.

DownDetector жүйесінің мәліметінше, 13 шілде күні ақау шыққан. Орталық және Батыс Еуропада тұратын қолданушылар тарапынан көп шағым түскен. Бұл ақау америкалық континенттің сағат белдеуіне байланысты болуы мүмкін. 

Қолданушылар жүйенің істен шыққанына алаңдаулы. Кейбір қолданушылар Facebook Messenger жүктей алмай жатыр. Қосымшасы бар адамдардың хабарламалары жойылып кеткен. Тіпті жүйеге кіре алмай жатқандар да табылған. 

The Independent басылымының сөзінше, бұл ақау Android-қа арналған жаңартылған қосымшаға байланысты шыққан болуы мүмкін.