1516

Қазақстанда телеарналар уақытша істен шығады

"Қазтелерадио" АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Фотография - Қазақстанда телеарналар уақытша істен шығады Сурет: interiorpic.ru

18 шілдеде қазақстандық телерадио арналарының сигналдары уақытша жойылатын болады, деп хабарлайды Today.kz "Қазтелерадио" АҚ-ның ресми сайтына сілтеме жасап. 

"18.07.2018 ж. сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) "Қазтелерадио" АҚ-ның жерсеріктік және эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде теледидар мен радио сигналдардың жойылып кетуімен жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – делінген хабарламада. 

Сұрақтарыңыз болса, мына нөмірлерге хабарласа аласыз: call-center: 193, +7(727) 2 581 500, e-mail: abonent@otautv.kz