1148

Жерге бас сүйек тәрізді комета ұшып келе жатыр

NASA агенттігінің мамандары астероид өлі кометадан құралған деп есептейді.
Фотография - Жерге бас сүйек тәрізді комета ұшып келе жатыр Сурет: cnn.com

Жерге үлкен жылдамдықпен бас сүйек тәрізді комета ұшып келеді. 2015 TB145 деп аталатын астероид жердің қасына 11 қарашада жақындайды, деп хабарлайды Today.kz Газета.Ru сайтына сілтеме жасап. 

Аспан денесі 2015 жылы табылған еді. Жердің қасынан 38 миллион шақырым қашықтықта ұшып өтетіні анықталып отыр. 

"Жерге жақын бұл астероид Аполлон тобынан. Испанияда жасалған бақылау кезінде біз бұл нысанның айналу кезеңін 2,94 сағат деп болжадық, бірақ 4,78 сағат айналуы да мүмкін", – деді Андалузия астрофизика институтының астрономы Пабло Сантос-Санц. 

NASA агенттігінің мамандары астероид өлі кометадан құралған деп есептейді. 

Астрономдар келесі жолы бас сүйек тәрізді комета Жерге 2088 жылы жақындайтынын айтты.