846

Қазақстандық 2 жерсерік Space X кешенінен ұшырылады

2018 жылдың 4 желтоқсанында Калифорниядағы Ванденберг базасынан Falcon 9 Block 5 зымыран-тасығышын ұшыру жоспарланып отыр.
Фотография - Қазақстандық 2 жерсерік Space X кешенінен ұшырылады Сурет ашық дереккөзден алынды

2018 жылдың 4 желтоқсанында Калифорниядағы Ванденберг базасынан Falcon 9 Block 5 зымыран-тасығышын ұшыру жоспарланып отыр. Ол зымыран-тасығыш орбитаға шағын спутниктер мен кубсаттардың рекордтық санын алып шықпақ, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Spaceflight SSO-A: SmallSat Express миссиясы барысында Falcon 9 зымыраны төменгі жер маңайындағы орбитаға әртүрлі коммерциялық және мемлекеттік ұйымдардың 64 ғарыш аппаратын жеткізуі тиіс. Олардың қатарында 15 шағын сптуник пен 49 кубсаты - ғарышты зерттеу үшін Жердің шағын жасанды спутниктері бар. Кешенді ұшырудың тапсырыс берушілері 17 елдің (Австралия, Бразилия, Финляндия, Германия, Үндістан, Италия, Иордания, Қазақстан, Нидерланды, Польша, Оңтүстік Корея, Испания, Швейцария, Таиланд, Канада, Ұлыбритания, АҚШ) 34 операторы (25 компания) болып отыр. 

"Аталған миссия компанияның және барлық америкалық зымыран-тасығыштардың тарихындағы сапалы жүктеме ретінде аппараттардың саны жағынан ең ірі ұшыру болады", – делінген Space X компаниясы сайтының "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде.

Ұшырудың операторы Вашингтон штатының Сиэтл қаласында орналасқан Spaceflight Inc жеке әуе ғарыш компаниясы болып отыр. Компанияның хабарламасына сәйкес, бұл ұшыру компания үшін тұңғыш ауқымды миссия болмақ. 

64 спутниктің ішінде Қазақстан Республикасының екі ғарыш аппараты бар. Біреуі KazSTSAT –салмағы 100 келілік технологиялық маңызды спутник. Шағын спутник SSTL-X50 алаңында құрастырылған. Орбитаның биіктігі – 542 шақырым. Спутникті 2015 жылдан бастап SSTL (Surrey Satellite Technology Ltd) ағылшын компаниясының базасында "Ғалам" бірлескен компаниясындағы қазақстандық мамандар құрастырған. Спутник табиғи апаттарға мониторинг жасау, ауыл шаруашылығына мониторинг жасау, судың сапасын анықтауға арналған. 

Қазақстанның екінші ғарыш аппараты –салмағы 5 келілік KazSciSat 1 кубсаты. Оны "Ғалам" бірлескен компаниясы (LLP Ghalam) құрастырған. Ғылыми наноспутник Жердің магниттік аумағын өлшеуге арналған.