858

Instagram әлеуметтік желісінде дыбысты хабарлама жіберу қызметі пайда болды

Аудиохабарлама ең көп дегенде бір минут жазылады.
Фотография - Instagram әлеуметтік желісінде дыбысты хабарлама жіберу қызметі пайда болды Көрнекі сурет

Instagram әлеуметтік желісінде дыбысты хабарлама жіберу қызметі пайда болды. Бұл туралы 11 желтоқсанда сервистің ресми аккаунты Twitter желісінде хабарлады, деп жазады Today.kz.

Аудиохабарлама ең көп дегенде бір минут жазылады. 

"Бүгіннен бастап Direct арқылы дыбысты хабарлама жібере аласыз. Дыбысты хабарлама жолдау үшін Direct-тегі микрофон белгісін басып ұстап тұру керек, – делінген хабарламада. 

Instargam Direct арқылы бейне хабарлама жіберу қызметін іске қосқан еді. Видеочатқа ең көп дегенде төрт адам қатыса алады. 

Одан бөлек, желі әкімшілігі қолдан адам көбейтетін аккаунттармен күресті бастады. Сервис жалған адам, лайктар мен пікірлерді өшіретін болады. 

Instagram 2010 жылдың күзінде пайда болды. Сол жылы қосымшаны Facebook миллиард долларға сатып алған болатын.