885

mGov қосымшасында 12 қызмет іске қосылды

Мобильді қосымша арқылы азаматтар қолдана алатын қызмет тізімі жарияланды.
Фотография - mGov қосымшасында 12 қызмет іске қосылды Сурет: akm.kgd.gov.kz

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ mGov қосымшасы арқылы "Электрондық үкімет" порталының 12 қосымша қызметінің іске қосылғаны туралы хабарлайды, деп жазады Today.kz.

Енді мобильді қосымшаның көмегімен азаматтарға мынадай қызметтер қолжетімді:

·  Наркологиялық диспансерден анықтамалар;

·  Психоневрологиялық диспансерден анықтамалар;

·  Туберкулезге қарсы диспансерден анықтамалар;

·  Некеге тұру туралы қайталама куәлікке өтініш беру;

·  Әке болуды анықтау туралы қайталама куәлікке өтініш беру;

·  Атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру;

·  Некені бұзу туралы қайталама куәлікке өтініш беру;

·  Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;

·  Жүргізуші куәлігін алу;

·  Е-Биржа (электрондық еңбек биржасы);

·  Мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мекенжай анықтамасын беру (тек Android үшін);

·  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру (тек Android үшін).

Жоғарыда көрсетілген қызметтерді ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою арқылы немесе бір реттік SMS-пароль арқылы алуға болады (ол үшін Мобильдік азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет).

"Электрондық үкімет" мобильдік қосымшасын пайдаланып жүрген азаматтарға жоғарыда көрсетілген қызметтерді алу үшін mGov жаңарту жеткілікті.

Бүгінде eGov.kz порталының мобильдік қосымшасы арқылы 62 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді.

Осылай, барлық танымал анықтамалар iOS және Android платформасында гаджеттер әуесқойлары үшін аударылған.

Сондай-ақ, iOS және Android платформаларында жоғарыда көрсетілген мобильді қосымша 1,38 миллион еседен астам жүктелгенін атап өткен жөн, ал көрсетілген қызметтер саны 3,66 миллионнан асты.